6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапарында бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарын аралап, жұмысымен танысты. Жақында тапсырылған нысандар мен жүзеге асырылған жобаларды қадағалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аймақ басшысы Қарабұлақ ауылдық округінің жаңа полиция пункті ғимаратында болды. Екі қабатты ғимарат биыл тапсырылған. Мұнда тәртіп сақшыларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған. Бұдан өзге облыс әкіміне Сайрам ауданындағы «CA PABLE GROUP МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫ» қоғамдық бірлестігінің кәсіпорнын кеңейту, қуатын арттыру жұмыстары да таныстырылды. Мұнда ылғал және құрғақ майлықтар, құрғақ кір жуғыш ұнтақтар өндіріледі. 20 адам жұмыспен қамтылған.
Облыс әкімі жоба жетекшілерінің ұсыныстарын тыңдады. Жауапты басқарма басшысы мен аудан әкіміне кәсіпкерлікті дамытуды жүктеді. Ауданның тыныс-тіршілігімен танысқан Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға өндіріс орындарын көбейту, кәсіпорындар ашу, білім, медицина мекемелерінің жұмысын ширату жөнінде тапсырмалар берді,-деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі