23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТүркі халықтарының рухани-мәдени интеграциясын жеделдетуде тілдің бірлігі маңызды рөл атқарады. Ал тіл бірлігін жеделдетуде ортақ әліпбидің болғаны дұрыс. Осы мақсатты іске асыру үшін Бірыңғай әліпби құру жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі.
Түркияның Бурса қаласында өткен Түркі мемлекеттерінің ұйымы семинарында түркі интеграциясын дамытуда маңызды рөл атқаратын ортақ әліпби туралы талқылап, Бірыңғай әліпби құру жөніндегі комиссияның мән-жайын қарады.
Семинар Түрік тілі қоғамының басшысы Гюрер Гүлсевиннің төрағалығымен өтті. Оған түркі мемлекеттерінің ғалымдары өз елінде болып жатқан әліпби және тарихи тілдік үдерістер туралы ойын ортаға салып, бірыңғай әліпбиге көшудің маңызына тоқталды.
Семинар аясында бірыңғай әліпби құру жөніндегі комиссия құру туралы шешім қабылданып, комиссияның бірінші отырысы Қырғызстанда өтетін болып белгіленді.
Естеріңізге сала кететіні, 2009 жылғы 3 қазанда Қазақстанның бастамасы бойынша Түркі мемлекеттерінің ұйымы құрылды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады