Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕрмек Маржықпаев Қазақстан құрамасының жедел штабына барғаннан кейін спортшыларымыздың Азиадаға дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірінші кезекте тұрғын үй-жайларды қарап шықты. Қазақстандық спортшылар заманауи және жайлы қонақүйде, бір және екі орындық бөлмелерге орналасқан.
Одан кейін министр, спортшыларымыз тамақтанатын асханаға барды. Спортшылардың дені Ханчжоуға келді, бірақ соған қарамастан еш жерде кезек байқалмады. Бұл ұйымдастыру деңгейі мен сапасы жоғары екенін көрсетеді.
Ермек Маржықпаев ұлттық құраманың медициналық штабын да назардан тыс қалдырмады. Қытайға спортшылардың физикалық жағдайын мұқият бақылайтын 50-ге жуық маман барды. Дәрігерлер 24/7 жұмыс істеп жатқанын айтты.
Министрлік Қазақстан командасы осы жарыстарға барынша қолайлы жағдайда қатыса алатындай үлкен жұмыс атқарды, ал спортшылар мен жаттықтырушылар-кез келген уақытта дәрігерлер мен жедел штаб тарапынан қолдауға сене алады. Әрине, біздің күш-жігеріміз бекер болмай, ұлттық құрама Азиадада сәтті өнер көрсетіп, өз жемісін береді деп үміттенеміз. Біз жарыстың басталуын күтеміз, спортшыларымызды қолдаймыз және олардың жеңісіне сенеміз,- деді Ермек Маржықпаев.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары