Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыҚазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін, салада 15 жылдан астам жұмыс істеген қайраткерлерге, сондай-ақ кәсіби еңбегі үшін «Туризм саласының үздігі» төс белгісін табыс етті.
Министр өзінің құттықтау сөзінде туризмнің шынайы әлеуеті тек әдемі табиғат пен кең аумақта, мәдени мұрада ғана емес, ең алдымен адами капиталда жатқанын атап өтті.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 «Көтермелеудің салалық жүйесі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің атынан Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.Біздің туристік салада жарты миллионға жуық адам жұмыс істейді, олардың көпшілігі ынтагер азаматтар. Сіздер сияқты кәсіби мамандардың қатысуымен біз Қазақстанның туризм әлеуетін толық көлемде аша алатынымызға сенімдімін, - деп түйіндеді министр.
Сондай-ақ туризм саласының өкілдері Kazakh Tourism және Astana Invest ұйымдарынан алғыс хаттарына ие болды.
Салтанатты іс-шара «Қазақстан» орталық концерт залында өтті.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді