20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Keruen Express» туристік пойызы «Алматы–Түркістан–Самарқан–Бұқара–Ташкент–Алматы» бағыты бойынша 130-дан астам жолаушы сапарға шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл бағыт Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстырып, жолаушыларға екі елдің тарихи және мәдени мұраларымен танысуға бірегей мүмкіндік береді. Саяхат ұзақтығы – 6 күнді құрап, 26–31 тамыз аралығында жалғасады.
Туроператорлардың қолдауымен Алматы қаласындағы Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының 25 тәрбиеленушісі осы турға тегін қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл – балалар үшін жаңа қалаларды көріп, өңірдің мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға зор мүмкіндік, - деп атап өтті, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов.
Аталған құрам Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын жетінші турпойыз болып отыр. Пойыз бес заманауи вагоннан тұрады: төртеуі – купе, біреуі – вагон-мейрамхана. Барлық вагондар отандық өндірістен шыққан, жолаушыларға қолайлы сапарды қамтамасыз етуге қажетті жабдықтармен толық жасақталған.
Ішкі безендіру ұлттық нақышта, қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерімен өрнектелген. Маршрут екі елдің ең ірі мәдени және тарихи орталықтарын қамтиды. Бағдарламада Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Отырар қалашығы, Самарқандтағы Әмір Темір кесенесі мен әйгілі Регистан алаңы, Бұқарадағы Арк қамалы мен Ляби-Хауз кешені, Ташкенттегі Хазрет Имам мемориалдық кешені мен Төле би кесенесі және басқа да тарихи орындар бар.
Тур бағасына пойызбен жол жүру, кәсіби гидтердің қатысуымен экскурсиялық бағдарлама, тарихи нысандарға кіру билеттері және туроператорлар ұйымдастырған трансферлер кіреді. «Keruen Express»-тің іске қосылуы – теміржол туризмін дамытудың маңызды қадамы. Бұл бастама Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланыстардынығайтып, өңірдің тарихи мұрасын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?