Бүгiн, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлматы облысы Түрген шатқалында жайылып жүрген «зебралардың» видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz.
Оқиға қалай болған?
Алматы облысында Түрген шатқалына апарар жолда трассаны кесіп өткен екі «зебраны» көрген тұрғындар аң-таң болды.
Оқиға куәгерлері түсірген видео әлеуметтік желіде әп-сәтте тарап, көпшілік «Африка жануарлары Қазақстанға қайдан келген?» деп қызу талқылады.
Алайда көп ұзамай бұл жұмбақтың сыры ашылды. Алматы облыстық Полиция департаменті мәліметінше, жол бойымен жүгірген жануарлар нағыз зебра емес, туристердің назарын аудару үшін арнайы боялған ақ есектер болып шыққан.
Белгілі болғандай, жануарлар Асы жайлауы аумағындағы демалыс орнына келушілерді қызықтыру мақсатында қауіпсіз бояумен уақытша «зебраға» айналдырылған.
Желі қолданушыларының пікірі
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайды әзілге айналдырып, «Қазақстандық зебралар», «Түрген сафариі» деген пікірлер қалдыруда.
Денсаулыққа зияны жоқ дейді. Бірақ қанша дегенмен химия ғой. Бұлай бояп, жануарлардың денсаулығына зиян келтірудің қажеті жоқ деп санаймын,- дейді Халима есімді желі қолданушысы.
Ал енді бір топ халықты алдаудың дұрыс емес екенін айтуда.
Сонда Қазақстанда зебра жоқ екенін жұрт білмейді деп ойлай ма? Соңғы уақытта әркім ойына келгенін істеп кетті, - деп жазды Турахан Қапалбек.
Бұл алғашқы оқиға емес
Еске сала кетейік, былтыр әлеуметтік желіде блогер Нұрсұлтан Сағатбектің есекті зебраға ұқсатып бояған видеосы қызу талқыланған болатын.
Автор жариялаған кадрлар қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Көпшілік бұл әрекетті жануарға жасалған қатыгездік деп бағалап, бояу құрамындағы химиялық заттардың зияны болуы мүмкін екенін айтқан.
Пікір жазған қолданушылардың сөзінше, ксилол, метилацетат немесе бутанол секілді еріткіштер жануардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал. Желіде жануарларға қатысты мұндай тәжірибелерге жол бермеу керек деген пікірлер де бар.
Бүгiн, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев