7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Астанада Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндеріне орай ұйымдастырылған гала концерт өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет күніне байланысты Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театр фойесінде Түрікменстанның халықтық-қолданбалы өнер және музей құндылықтары көрмесінің ашылды.
Көрмеге Түрікменстанның шеберлері жасаған бұйымдар, ұлттық аспаптары, киімдері мен кілемдері қойылды.
Мәдениет күніне орай ұйымдастырылған гала концертке екі елдің де Мәдениет министрлігінің өкілдері қатысты.
Бүгін - расымен де ерекше кеш. Бүкіл дүниежүзі білетін ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін ұлы түрікмен ақыны Махтумкули Фрагидің 300 жылдығы аясында осындай ауқымды шара өткізіліп жатыр. Махтумкулидің жанында біздің Құрманғазының ескерткіші қойылды. Елімізде де түрікмен ақынының ескерткіші бой көтеріп жатыр. Күзде ұлы Абай Құнанбайұлының да ескерткіші ашылатынын айтқым келеді. Осындай игі іс-шаралар екі мемлекетті дамытып, бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді арттыратынына толық сенімдіміз. Ұлттық кітапханада түрікмендердің көптеген шығармалары таныстырылды, - деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов.
Гала концертте Түрікменстанның ұлттық ансамблінің сүйемелдеуімен дәстүрлі әндер шырқалды. Көрермен үшін ұлттық билерін билеп, аспаптарда ойнады.
Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күні үш күнге созылады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?