Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҮкімет отырысы барысында өңірлерге коммуналдық және тұрмыстық көмір жеткізу мәселесіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көмірді вагондармен тасымалдауға басымдық беру қажет. Тұрғындар көмірді тұрақты бағамен сатып алуы үшін ешқандай қиындықтар болмауы керек, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Өңір әкімдері мен өнеркәсіп және көлік министрліктерінің алдына тиісті міндет қойылды.
Сонымен қатар Үкімет басшысы энергетика министрлігіне ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, жылу және электр энергетикасы бойынша «тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуді тапсырды.
Бұдан әрі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп – жылу және энергия кәсіпорындарында табиғи монополиялар субъектілерінің осы міндеттемелердің орындалуын бақылау шараларын өзектендіру қажет.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар