Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыДепутат Мақсат Толықбай кредит пайызы өте жоғары екенін және онлайн кредит рәсімдейтін алаяқтар көбейгенін айтып, мәселе көтерді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілісмен 2012 жылдан бері жылдық сыйақы мөлшері 56 пайыздан түспегенін тілге тиек етті.
Бұл мәселенің мәжіліс қабырғасында көтеріліп келе жатқанына 13 жыл болды. Тағы да алданып қаламыз ба деп қорқамын. Өткенде жұмыс топтарына біздің агенттік өкілдері не деді? 35%, тіпті 42% жылдық сыйақы мөлшерін бекітейік деп ұсыныс айттық. Бүгін басшысы 50%-ды қарастырамыз деп отыр. Неге 45% не 48% емес, неге 50 %? Бұл істі неге сүйеніп зерттедіңіздер? Себебі неде? Тағы халықтың 40% екінші деңгейлі банк акционерлерін байытып отырады деген сөз, – деді депутат Толықбай.
Сонымен қатар депутат қазіргі таңда тұрғындар атынан онлайн кредит рәсімдейтін алаяқтар көбейгенін айтты.
Күніне ондаған адам хабарласады. Мұны қалай шектейміз? Әсіресе, микроқаржылық ұйымдар онлайн оңды-солды кредит беріп жатыр. Алаяқтарды табу өте қиын. Біреулері түрмеде отыр. Біреуі шетелде отыр. Жүз істің екеуі ғана ашылады. Осыған мән беруіміз керек, – деді Мақсат Толықбай.
Айта кетейік, мәжіліс кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды