Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТұрғын үйге берілген ескі техникалық паспорттар өз күшін жоймайды және мәмілелер жасау кезінде пайдалануға болады. Бұл туралы LS басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ақпаратына сәйкес, заңға сай кадастрлық паспорт мынадай жағдайларда жаңартылады:
Жаңартылған құжатта жаңа қалыптасқан жылжымайтын мүлік объектісінің нақты деректері көрсетіледі.
Сонымен қатар бұрын берілген техникалық паспорттар заңды күшінде қалып, мәмілелерді рәсімдеу кезінде қолданылуы мүмкін. Құжаттарды ауыстыру азаматтардың өз қалауы бойынша немесе қажеттілікке байланысты жүзеге асырылады.
Кадастрлық паспорт алу үшін қажетті құжаттар:
Қызметтің құны «Азаматтарға арналған үкімет» көрсететін жұмыстар мен қызметтердің бағасына сәйкес белгіленеді. Төлем екі кезеңмен жүргізіледі: өтініш беру кезінде (алдын ала төлем) және нәтижесін алу кезінде (қалған бөлігі).
Қолданыстағы заңнамада кадастрлық паспортты беру немесе ауыстыру бойынша мемлекеттік қызметке жеңілдіктер қарастырылмаған, – деп нақтылады корпорация.
Сонымен қатар құжат үшін төлемді жылжымайтын мүлік иесі өзі жасайды.
Іс жүзінде мәміле жасау кезінде нотариустар мен тіркеушілер ескі үлгідегі техникалық паспорттарды қабылдайды. Алайда ипотекалық несие рәсімдегенде банктер жаңа үлгідегі, балкон мен лоджиялардың ауданы азайту коэффициентімен енгізілген техникалық паспортты талап етеді, – деп қосты ұйым.
Бұған дейін ұйым барлық тұрғын үй иелеріне техникалық паспортты міндетті түрде кадастрлық құжатқа ауыстыру қажет деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?