23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан 5 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бәрі 8 қараша күні №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
9 қарашадағы жағдай бойынша екі науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Үш науқас бейінді бөлімшелерде ем қабылдап жатыр. Зардап шеккендердің екеуі еңбек міндеттерін орындау барысында жарақат алған фельдшерлер екенін хабарлаймыз, - делінген әкімдік ақпаратында.
Жансақтау бөлімінде жатқан фельдшердің жағдайы өте ауыр. Екінші фельдшердің жағдайы – орташа, ол нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Барлық пациент дәрігерлердің бақылауында, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Әлеуметтік желіде тараған «фельдшерлердің алған жарақаты өндірістік жарақат ретінде танылмады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Аталған оқиға өндірістік жарақат ретінде тіркелген.
Сонымен қатар, жарақат алу фактісі бойынша қалалық Полиция департаменті сотқа дейін тергеу жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 188-бабына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторы тергеу жұмысын орындауда.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік