6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКаир қаласында тұрғын үйдің опырылуы салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, тағы 8 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Al Arabiya басылымы мәлімдеді.
Оқиға Кердаса жұмысшылар ауданында болды. Мемлекеттік БАҚ мәліметінше, үйінділер астында әлі де адамдар қалуы мүмкін. Құтқару топтары мен азаматтық қорғаныс қызметкерлері іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Оқиға орнына ондаған жедел жәрдем көлігі жөнелтілді.
Куәгерлердің айтуынша, ғимараттың құлауына "газ баллонының жарылысы" себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Каир полициясы трагедияның нақты себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.
26 миллионнан астам халқы бар Каирде соңғы жылдары осындай апаттар жиі болады. Сарапшылар бұл жағдайды көптеген ғимараттардың ескіруімен және құрылыс нормаларының жүйелі түрде бұзылуымен байланыстырады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі