Бүгiн, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 шілдеден бастап Қазақстанда балабақшаларды ваучерлік қаржыландырудың жаңа кезеңі іске қосылды. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде ата-аналардың «ваучерді қалай аламыз?», «кезегіміздің келгенін қайдан білеміз?», «жекеменшік балабақша арзандай ма?» деген сұрақтары көбейді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа жүйенің мақсаты – ата-аналарға балабақша таңдау еркіндігін беру және мемлекет бөлетін қаржыны мекемеге емес, балаға бағыттау. Яғни бұрынғыдай белгілі бір балабақшаға кезекке тұрмайсыз. Алдымен бала ваучер кезегіне тұрады. Ваучер берілгеннен кейін ғана ата-ана бос орны бар мемлекеттік немесе жекеменшік балабақшаны өзі таңдай алады. Бұл жүйе бүгінде бірнеше өңірде іске асырылып, енді еліміздің басқа қалалары мен аудандарын да қамтып жатыр.
Ваучер деген не?
Ваучер – ата-ананың қолына берілетін ақша емес. Бұл – мемлекет баланың мектепке дейінгі білім алуына қаржы бөлетін электронды сертификат. Қаражат тікелей балабақшаға аударылады. Сондықтан ата-ана ваучерді қолма-қол ақшаға айналдыра алмайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыруды енгізу арқылы ата-аналарға таңдау мүмкіндігін кеңейту қажет екенін айтқан болатын.
Қалай кезекке тұрамыз?
Жаңа жүйеде өтініш арнайы Indigo ақпараттық жүйесі арқылы беріледі. Алгоритм бірнеше кезеңнен тұрады:
Егер ата-ана ваучерді уақытында растамаса, ол күшін жоюы мүмкін. Ал таңдалған балабақшада орын болмаса, бала күту парағында қалып, басқа ұйымды таңдауға мүмкіндік беріледі.
Кімдерге басымдық беріледі?
Ваучер беру кезінде барлық бала бірдей бір мезетте шақырылмайды. Оның саны жергілікті бюджетке, өңірдегі қажеттілікке және балабақшалардағы бос орындарға байланысты анықталады.
Сонымен қатар мемлекет мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауда 21 жеңілдік санатын белгілеген. Солардың бірі – көпбалалы отбасылардың балалары. Олар ваучер алу кезінде басым құқыққа ие.
Сонымен қатар, педагогтердің, медицина қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің және заңнамада белгіленген өзге де әлеуметтік санаттағы азаматтардың балалары кезекте басымдыққа ие болады.
Қазір қанша адам ваучер күтіп отыр?
Indigo жүйесіндегі мәлімет бойынша, қазіргі таңда:
Бұл көрсеткіш жаңа жүйеге деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
Ваучер жекеменшік балабақшаны арзандата ма?
Иә, көптеген ата-ананы қызықтыратын сұрақтың бірі осы.
Мәселен, Астанада мемлекеттік балабақша үшін ата-аналар айына шамамен 19-25 мың теңге төлейді. Ал ваучер жүйесі арқылы жекеменшік балабақшалардың құны едәуір төмендейді. Кей жағдайда төлем 20-30 пайызға дейін азаяды. Мысалы, айына 110 мың теңге тұратын балабақшаға ваучер қолданылғаннан кейін ата-ананың төлейтін сомасы шамамен 80 мың теңгеге дейін төмендеуі мүмкін.
Ваучер кезек мәселесін шеше ме?
Сарапшылардың айтуынша, ваучерлік қаржыландырудың басты артықшылығы – «ақша балаға ілеседі» қағидаты. Яғни мемлекет қаржыны нақты балабақшаға емес, баланың таңдаған ұйымына аударады. Бұл мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, бос орындарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Дегенмен жүйе балабақша тапшылығын бірден жоймайды. Өйткені ваучер саны өңірдегі бюджетке, бос орынға және нақты сұранысқа тәуелді. Сондықтан кезек сақталуы мүмкін. Алайда жаңа модель ата-аналардың таңдау мүмкіндігін кеңейтіп, процесті барынша ашық әрі цифрлық форматқа көшіруді көздейді.
Ата-аналар алаңдаулы
1 шілдеден бастап ваучер беру басталғаннан кейін әлеуметтік желілерде ата-аналардың талқылауы қыза түсті. Бірі мемлекеттік балабақшадан орын алғанын айтып қуанып жатса, енді бірі кезегінің күрт өзгергеніне таңданып, ваучер қашан берілетінін сұрап әлек.
Түнімен ұйықтамай отырып, мемлекеттік балабақшадан орын алдық. Былтыр 2023 жылы туған балама да алған едік, – деп қуанышын бөлісті желі қолданушыларының бірі.
Ал дәрігер Бауыржанқызы есімді қолданушы:
Маған көмектесіп жіберіңіздерші. Бүгін кезек 2076-дан 520-ға өтіппіз. Енді сұрақ – ваучерді ертең ала аламын ба? Мемлекеттік балабақшаға мүмкіндік бар ма? – деп жазған.
Бүгiн, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайКеше, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?Кеше, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат