Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар"Миллион" КВН командасы "ХабарLike" бағдарламасында қонақта болып, "Жездуха" фильміндегі гонорары қымбат актерді атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әзілкештердің алғашқы фильміне әйгілі Тұңғышбай Жаманқұлов түскен. Олар аты аңызға айналған актерге қалаған гонорарын төлеп беруге дайын болғанын атап өтті.
Киномызға Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыз түсті. Ол кісі бір қысқа әзілге бола керек болды бізге. Ол кісі қанша гонорар сұраса да, оған жарасады. Біз үшін қымбаттау болды. Бірақ ол кісі үшін өз бағасы бар. Жарты сағатқа 800 мың теңге бердік. Кинода он секунд ғана. Кеше қарап отырсақ, Тұңғышбай атамыз түскен сахна халықты қатты күлдірді. 800 мың теңге ақталды, - деді Қанат Тасхан.
Әзілкештер гонорары қанша қымбат болғанымен, аталмыш сахна өз ақшасын толығымен ақтағанын жеткізді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?