Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкент қаласындағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында Juniors Davis Cup финалдық кезеңінің жолдамасы сарапқа салынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ширек финалда Сергей Квак шәкірттері әлемдегі ең мықты командалардың бірі – Juniors Davis Cup-тың алты дүркін чемпионы Австралия құрамасын 2:0 есебімен жеңді.
Қазақстан командасының қоржынына бірінші ұпайды Лахлан Макфадзенді жеңген Заңғар Нұрланұлы салды – 5:7, 6:3, 6:1. Ал екінші болып кортқа шыққан Әмір Омарханов Джейк Дембоны 6:2, 6:1 есебімен жеңді.
Осылайша, күзде Испанияның Кордоба қаласында жасөспірімдер арасында өтетін «Дэвис Кубогы» мен «Билли Джин Кинг Кубогының» финалдық кезеңінде Қазақстанның 16 жасқа дейінгі қыздары мен ұлдары тұңғыш рет ойнайды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар