2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрХиуаз Доспанова – Ұлы Отан соғысы жылдарында жауынгерлік ұшақ тізгіндеген тұңғыш әрі жалғыз қазақ қызы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Орал қаласындағы аэроклубты аяқтағаннан кейін өз еркімен майданға аттанып, түнгі бомбалаушы ұшақты басқару ісін меңгеріп, 588-ші түнгі бомбалаушы авиациялық полкке штурман-атқыш болып қабылданды. Бұл полктің құрамында тек қыз-келіншектерден құралған ұшқыштар тобы қызмет еткен.
Жаудың үрейін ұшырған бұл жауынгер әйелдерге немістер «Түнгі мыстандар» деген атау берген. Қыздар ұрыс кезінде нысанаға белгілі бір қашықтықта жақындап, ұшақ қозғалтқышын өшіріп, түн тыныштығын тіліп өтетін сызылта шыққан үнмен жауға бомба тастайтын. Аспанда ұшып келе жатқан мыстандай әсер қалдыратын дыбыс қана естілетін. Ал оларды көру, аңғару мүлде мүмкін болмаған.
Жауынгер қыздар бір түнде 5-10 рет ұшып шығып, жау шебіне соққы беретін. Олар ұзақ уақыт бойы парашютсіз ұшқан. Себебі, парашюттің орнына бомба көбірек тиеп, майдандағы нәтижелі әрекетті күшейтуді мақсат тұтқан. Тек 1944 жылы ғана олар арнайы бұйрықпен парашютпен ұшуға міндеттелді.
Хиуаз Доспанова жауынгерлік тапсырмаларды Оңтүстік майданда, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде, Украина мен Беларусь жерінде орындады. Екі рет ауыр жарақат алса да, сапқа қайта оралып, соғысты Берлин түбінде жеңіспен қарсы алды. Соғысты ІІ топ мүгедегі ретінде аяқтады.
Хиуаз Мәншүк пен Әлияның рухын жалғап, 300-ден астам жауынгерлік ұшуға қатысып, жауға ойсырата соққы берген. Соғыс жылдарында бірнеше наградамен марапатталған. Тәуелсіз Қазақстан оның ерлігін жоғары бағалап, 2004 жылы елдің ең жоғары марапаты — «Халық қаһарманы» атағын берді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова