30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕлорданың Сарайшық ауданында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кезекті түнгі рейд өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, шараны аудан әкімдігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп ұйымдастырды. Рейд аясында полицейлер түнгі уақытта кәмелетке толмағандар жүруі мүмкін компьютерлік клубтарды тексерді.
Осылайша, аудандағы компьютерлік клубтардың бірінде заңды өкілдерінсіз жүрген үш кәмелетке толмаған жасөспірім табылды.
Рейд барысында полиция қызметкерлері Sony PlayStation ойын клубтарының бірінде заңды өкілдерінсіз жүрген үш жасөспірімді анықтады. Кәмелетке толмағандар полиция бөліміне жеткізіліп, ата-аналары шақырылды. Сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың жүруіне рұқсат берген ойын клубтарының иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - дейді аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Азамат Исенов.
Естеріңізге сала кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша 22.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз баруына тыйым салынады, сондай-ақ сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүруіне тыйым салынады.
Айта кетейік, Астана қаласы прокуратурасының, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың үйлестіруімен Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен және аудандық әкімдіктермен бірлесіп, түнгі уақытта қала көшелерінде және ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтер жалғасуда.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды