Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада түн ішінде көлік ұрлаған әйел ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция басқармасына қала тұрғынынан Seat Toleda маркалы көлігі ұрланғаны жөнінде арыз келген. Белгілі болғандай, ер адам көлігін жақын маңдағы аулаға қойған, бірақ кілтін қалдырып кетіпті.
Елордалық полицияның жеке құрамы ұрланған көлікті іздеуге және ұрыны ұстауға жұмылдырылды. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер оқиғаға елорданың 32 жастағы тұрғынының қатысы барын анықтады. Бейнебақылау камераларын қарау арқылы полицейлер ұрының ізіне түсті. Көлік Кравцова көшесіндегі аялдама маңынан табылды, - деп жазылған хабарламада.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция азаматтарға көліктен шыққан кезде қырағы болуға, есіктер мен терезелерді жауып, көлікте кілтті қалдырмауға кеңес береді.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік