Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 қыркүйекте жаппай тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады. Екпені тұрғылықты жер бойынша емханадан салдыруға болады.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, тұмау – ауа тамшылары арқылы берілетін жіті респираторлы жұқпалы ауру. Алғашқы 1-2 күн тұмау жұқтырып, ауруға шалдыққан адам барлық жағдайларда осы инфекцияның жұқтырушы көзі болып табылады. Жыл сайын тұмауға шалдығу жағдайлары күз-қыс мезгілінде тіркеледі. Әлеуметтік маңыздылығы мен экономикаға тигізетін зияны жағынан тұмау адамның барлық ауруларының ішінде бірінші орында тұр.
Тұмаудың клиникалық ағымы пневмония, бронхит тәрізді түрлі асқынулармен, сондай-ақ, жүрек қантамырларының, жүйке жүйесіндегі, созылмалы аурулардың асқынуымен бірге жүреді. Тұмау әсіресе, өмірге жаңа келген сәбилер, егде жастағы кісілер мен әлсіз адамдар өмірі үшін қауіпті. Статистика бойынша тұмау кезінде асқыну жағдайлары әрбір 10-шы науқаста ұшырасады.
Әлемдегі тұмаудан сақтанудың негізгі әдісі – вакцинация. Жыл сайын елімізде тәуекелі жоғары барлық топта:
Вакцинация бұл санаттағы адамдарды ғана тұмау жұқтырудан сақтап қана қоймай, сонымен қатар, айналадағы адамдарды да ауруға шалдығудан сақтайды, тұмау асқынуының және өлім-жітім жиілігін төмендетеді.
Тұмауға қарсы вакцина түрлері:
Егер арнайы топқа кірмесеңіз,вакцинация ақылы негізде жүргізіледі.
Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады