Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Тұмар-2025» ұлттық телевизиялық сыйлығына өтінім қабылдау уақыты 15 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, биылғы бәйгеге 2024 жылғы 13 мамыр мен 2025 жылғы 14 мамыр аралығында қазақстандық телеарналардың эфирінде көрсетілген жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және өңірлік телеарналар, телестудиялар мен кәсіби телевизиялық контент өндіруші компаниялар ұсынуға құқылы.
Өтінімдер келесі номинациялар бойынша қабылданады:
- Ең үздік әлеуметтік тележоба
- Жылдың ең үздік репортажы
- Ең үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама
- Ең үздік журналистік зерттеу
- Жылдың ең үздік телехикаясы
- Ең үздік деректі фильм
- Ең үздік балалар тележобасы
- Ең үздік өңірлік телеарна
- Ең үздік тележурналист
- Ең үздік тележүргізуші
- Ең үздік спорттық комментатор
Өтінімдер tvtumar.kz ресми сайтында қабылданады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?