13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз2025 жылғы 14 мамырдан бастап «Тұмар-2025» ұлттық телевизиялық сыйлығына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған бәйге 2017 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылып, содан бері отандық телевизия саласындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды. Осы уақыт ішінде сыйлыққа 2200-ден астам өтінім қабылданып, 354 жоба номинант атанды. Ал 98 жеңімпаз «Тұмар» мүсіншесіне ие болды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, биылғы бәйгеге 2024 жылғы 13 мамыр мен 2025 жылғы 14 мамыр аралығында қазақстандық телеарналардың эфирінде көрсетілген жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және өңірлік телеарналар, телестудиялар мен кәсіби телевизиялық контент өндіруші компаниялар ұсынуға құқылы.
Өтінімдер мына номинациялар бойынша қабылданады:
- Ең үздік әлеуметтік тележоба
- Жылдың ең үздік репортажы
- Ең үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама
- Ең үздік журналистік зерттеу
- Жылдың ең үздік телехикаясы
- Ең үздік деректі фильм
- Ең үздік балалар тележобасы
- Ең үздік өңірлік телеарна
- Ең үздік тележурналист
- Ең үздік тележүргізуші
- Ең үздік спорттық комментатор
Өтінімдер 2025 жылғы 9 маусымға дейін қабылданады. Толық ақпаратты tvtumar.kzресми сайтынан біле аласыз.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды