Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мерекесінде Астанада ұлттық телевизиялық сыйлықтың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл «Тұмар» бәйгесі сегізінші мәрте ұйымдастырылды. Бүгін Мемлекет басшысы журналистер мерекесіне орай құттықтау жолдады. Президент БАҚ қызметкерлерінің қоғамдық сананы жаңғыртуда және ұлт тұтастығын нығайтуда айрықша рөл атқаратынын сөз етті. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту және журналистердің құқығын қорғау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Қазақ журналистикасының тағылымды тарихы, аға буын қалыптастырған ерекше қолтаңбасы бар. Біз оның бай шежіресі мен ағартушылық дәстүрін барынша сақтауымыз қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
2024 жылы байқауға 12 номинация бойынша 300-ден астам өтініш түсті. Бәйгеге республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар мен компаниялар қатысты. Қысқа тізімге 48 жұмыс енді. Биыл «Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж» атты жаңа номинация қосылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли "Qazsport" телеарнасына "Тұмар-2024" арнайы жұлдесін табыс етті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Almaty» телеарнасына арнайы жүлде табыстады.
Сыйлықтың жеңімпаздарына «Тұмар» мүсіншесімен қатар, отандық телевизия саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.
Айта кетейік, «Тұмар» ұлттық байқауы алғаш рет 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Байқаудың басты мақсаты – қазақстандық телевизияның сапалы дамуына ықпал ету, телевизиялық контент өндірісінде талантты мамандарды қолдау және оның ең мықты өкілдерін мадақтау.
«Тұмар-2024» сыйлығының иегерлері:
"Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж» – «Алапат тасқын» – «Qazaqstan» телеарнасы;
Үздік журналистік зерттеу – «Экономика vs экология: су үнемдеудің жолдары қандай?/Арнайы репортаж» – «Atameken Business» телеарнасы;
Үздік aқпараттық бағдарлама – «Astana Times» жаңалықтар қызметі – «Astana TV» телеарнасы;
Үздік сараптамалық бағдарлама – «Жеті күн» – «Хабар» телеарнасы;
Үздік әлеуметтік жоба – «Құдайы қонақ» – «Qyzylorda» телеарнасы;
Үздік деректі фильм – «Шетелдегі қазақ балалары» – «Jibek Joly TV» телеарнасы;
Үздік телехикия – «Мошенники» – «НТК» телеарнасы;
Үздік өңірлік ток-шоу – «Ділмар» – «Жетісу» телеарнасы;
Үздік өңірлік телеарна – «ТДК-42» телеарнасы;
Балаларға арналған үздік бағдарлама – «АуылDone» – «Жетінші арна»;
Үздік тележурналист – Григорий Беденко – «Хабар» телеарнасы;
Үздік тележүргізуші – Мадина Балғабаева – «КТК» телеарнасы.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?