Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазіргі уақытта отандық БАҚ еліміздегі су тасқынына қарсы іс-шараларды және басқа да жаһандық оқиғаларды халыққа таратып, ерен еңбек етуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Журналистердің қарқынды жұмысын ескере отырып, Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жылдың 14 мамырынан бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар» - 2024 ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау басталғанын жариялады.
Өтінімдер 10 маусымға дейін қабылданады. Байқауға 2023 жылдың 1 қаңтары мен 2024 жылдың 13 мамыры аралығында қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.
Айта кетейік, «Тұмар» ұлттық байқауы алғаш рет 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Байқаудың басты мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың бағалауы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияның дамуын ынталандыру.
«Тұмар» ұлттық бәйгесі тарихында 1 800 астам өтінім келіп түсті, 303 журналист пен шығармашылық топ номинанттар тізіміне енді. Бүгінгі күні 84 эксклюзивті мүсінше өз жеңімпазын тапты. Бәйге жеңімпаздары жылдағы дәстүр бойынша қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары