Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазгидромет 21 қаңтарда еліміздің бірқатар өңірінде жел соғып, көктайғақ, тұман болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Оңтүстікті, Алматы облысының таулы аймақтарын тұман басады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысында және оңтүстік-шығысында тұман болады. Желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Ақтауда түнде кей жерлерде тұман болады.
Түркістан облысының солтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстікте, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде тұман болады.
Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман болады. Алакөл ауданында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.
20 қаңтарда сағат 21.00-ден 21 қаңтарда 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі төмен деңгейлі жағдай туралы ескерту күшінде қалады.
20 қаңтар сағат 21.00-ден 21 қаңтар сағат 21.00-ге дейін Семей қаласында болатын қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты екінші дәрежелі төмен деңгейдегі жағдай туралы ескерту сақталады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – атмосфера ауасының беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?