12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 30 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, осыған байланысты найзағайлы жаңбыр сақталады. Тек оңтүстікте, солтүстік-батыста, республиканың орталығында күн райы жауын-шашынсыз болады. Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, елдің солтүстік-шығысында, шығысында - бұршақ, Қазақстанның солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең - тұман, оңтүстік-батысында – күндіз шаңды дауыл сақталады.
Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында, шығысында, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталуда, Жетісу облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтілуде.
Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер