Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазгидромет мамандары 21 қазанда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші - 15-20 м/с.
Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман.
Ақтөбе облысының батысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?