Жаңалықтар

Түлектер ҰБТ-дан емес, ата-анасының үмітін ақтай алмаудан қорқады – психолог

15.06.2026 17:15
Көктем Қарқын
Фото: коллаж AI / El.kz

ҰБТ-ның аяқталуына бір айдан аз уақыт қалған шақта түлектер арасындағы қобалжу күшейе түседі. «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалы басшысы, психолог Света Сәтбаеваның айтуынша, оқушылардың көбі тест тапсырмаларынан емес, жоғары балл жинай алмау, гранттан қағылу немесе ата-анасының үмітін ақтай алмау сияқты ойлардан күйзеліске түседі. Маман мұндай кезеңде ата-ананың қолдауы баланың психологиялық тұрақтылығын сақтауда шешуші рөл атқаратынын айтты, деп хабарлайды  El.kz интернет порталы.

Психологтың пікірінше, түлектердің көпшілігі тест тапсырмаларынан емес, өз ойларынан қорқады. Олар жоғары балл жинай аламын ба, грантқа түсемін бе, ата-анамның үмітін ақтаймын ба деген сұрақтарды күн сайын ойлап, өздеріне қосымша қысым жасайды.

ҰБТ алдында оқушылардың басым бөлігінде алаңдаушылық күшейеді. Оның басты себебі – тесттің өзі емес, оған қатысты қалыптасқан қорқыныштар, – дейді психолог Света Сәтбаева.

Көптеген түлек:

деген сұрақтарды жиі қояды.

Осындай ойлар уақыт өте келе психологиялық қысымды күшейтіп, дайындыққа кедергі келтіреді. Кей жағдайда бала өз білімінен күмәндана бастайды. Соның салдарынан оның өзіне деген сенімі төмендейді.

Стресс әрдайым зиян емес

Көпшілік стресс сөзін тек жағымсыз құбылыс ретінде қабылдайды. Алайда психологтың айтуынша, аздаған қобалжу – қалыпты жағдай.

Стресс – адамның маңызды немесе күрделі жағдайға организмнің табиғи реакциясы. Белгілі бір деңгейдегі толқу адамды жинақтап, жауапкершілігін арттырып, тапсырмаға мұқият қарауға көмектеседі, – дейді психолог.

Мәселе стресс мөлшерінің шектен тыс артуында. Шамадан тыс күйзеліс кезінде:

Мұндай жағдайда оқушының нақты білім деңгейі тест нәтижесінде толық көрінбеуі мүмкін.

«Жақсылық жасаймын деп, қысым көрсетіп алмаңыз»

Психолог Света Сәтбаеваның айтуынша, ҰБТ кезінде ата-аналардың жақсы ниетпен жасаған кейбір әрекеттері баланың психологиялық күйіне кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе, күн сайын қанша балл жинайтынын сұрау, басқа оқушылармен салыстыру немесе «міндетті түрде грантқа түсуің керек» деп талап қою оқушының ішкі қысымын арттырады.

Маманның сөзінше, мұндай жағдайда бала білімін көрсетуге емес, ата-анасының үмітін ақтауға көбірек алаңдай бастайды.

Кейбір ата-аналар баласын ынталандырып жатырмын деп ойлайды. Бірақ үнемі нәтиже туралы сұрау немесе өзге балалармен салыстыру оқушының өзіне деген сенімін төмендетуі мүмкін. Бала «сәтсіздікке ұшырасам, ата-анамның көңілін қалдырамын» деген қорқынышпен өмір сүре бастайды. Мұндай күйзеліс дайындық сапасына да, тест кезіндегі нәтижеге де әсер етеді, – дейді психолог.

Оның айтуынша, ата-аналар ең алдымен баланың еңбегін бағалауы керек. Себебі ҰБТ нәтижесі әрқашан оқушының нақты білім деңгейін көрсете бермейді. Толқу, шаршау немесе эмоционалдық күй де нәтиженің өзгеруіне әсер етуі мүмкін.

Сондықтан маман ата-аналарға баласына «Біз саған сенеміз», «Қолыңнан келгеннің бәрін жасап жатырсың», «Нәтиже қандай болса да, біз сені қолдаймыз» деген сөздерді жиі айтып отыруға кеңес береді. Оның пікірінше, дәл осындай қолдау баланың өз күшіне деген сенімін арттырып, емтихан алдындағы қобалжуды азайтады.

Ұйқы мен демалыс неге маңызды?

ҰБТ жақындаған сайын кейбір оқушылар тәулігіне бірнеше сағат қана ұйықтап, бар уақытын дайындыққа жұмсайды. Алайда мамандар мұндай тәсілдің тиімсіз екенін айтады.

Мидың ақпаратты тиімді қабылдауы үшін сапалы ұйқы қажет. Ұйқы кезінде алынған ақпарат жүйеленіп, есте жақсы сақталады.

Сондықтан ата-аналар баланың:

Кейде ата-анамен қарапайым әңгімелесу немесе бірге серуендеу де баланың көңіл күйін жақсартып, психологиялық жүктемені азайтады.

ҰБТ – білім деңгейін бағалайтын құралдардың бірі ғана. Ол адамның өмірдегі барлық мүмкіндігін немесе болашақтағы табысын толық анықтай алмайды, – дейді Света Сәтбаева.

Психологтың пікірінше, өмірде жетістікке жеткізетін басты қасиеттердің қатарында еңбекқорлық, табандылық, жаңа жағдайға бейімделе білу, мақсат қоя білу және өзіне деген сенім бар. Ал мұндай қасиеттердің қалыптасуына отбасының қолдауы ерекше әсер етеді.

Оқи отырыңыз