Туған елім - мақтанышым! Жамбыл облысы

22 Қазан 2015, 04:57

Туған елім - мақтанышым! Жамбыл облысы

"Отаның-алтын бесігің" деп дана халқымыз бекер айтпаған. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін, кең далалы байтақ өлкені әлемде іздеп таба алмаймыз. Оқырмандарымызға осы байлық туралы айтып қана қоймай, еліміздің әр ауданы туралы деректерге толы альбом жинағын ұсынуға шешім қабылдадық. Назарларыңызға Еl.kz редакциясының жасап шығарған кезекті топтамасын ұсынамыз!

Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан,Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Географиялық тұрғыдан облыс аумағы негізінен жазықтық. Климаты – едәуір құрғақ және континентальды. Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақдала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді. Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді.


Суреттердің дизайнері: Арман Қалибекұлы

Бөлісу: