6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМарк Цукербергтің жаңа әлеуметтік желісі Threads-тегі аккаунтын өшіру үшін Instagram-дағы профильді де жою қажет, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Гаджеттеріне жаңа Threads қосымшасын орнатқан желі қолданушылары аккаунтты өшіруге қатысты ережеге келіспейтінін жазып жатыр. Пайдаланушылар жаңа әлеуметтік желіге тіркелгеннен кейін оны Instagram аккаунтсыз жою мүмкін емес екенін анықтады, өйткені қолданбалар бір-бірімен байланысты.
Ал Мета компаниясы Threads аккаунты қолданушының Instagram аккаунтының бір бөлігі екенін алға тартады.
Сонымен қатар, Meta желі қолданушыларына Threads профиль деректерін жинайтынын, қолданбадағы барлық әрекеттерді бақылап, жазылушылар туралы ақпаратты, сондай-ақ пайдаланушылар өзара ақпарат алмасатын қауымдастықтарды, басқа да Meta өнімдеріндегі деректерді жинайтынын ескертті.
Айта кетейік, Meta компаниясы Twitter-ге тікелей бәсекелес Thread атты жаңа сервисті іске қосқан еді. Жаңа қолданба шыққаннан кейін екі тәулікке жуық уақыт ішінде 70 миллионға жуық пайдаланушы жүктеп алып, орнатқан.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі