Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық банкпен бірлесіп, 2024 жылдың төртінші тоқсанынан бастап цифрлық теңгені қолдана отырып, цифрлық ҚҚС бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Цифрлық теңге – ұлттық валютаның жаңа сандық түрі, ол блокчейн технологиясы арқылы іске асырылады және ақшаны арнайы мақсатта пайдалануға мүмкіндік береді.
Пилоттық жобаға қатысу үшін экспорттаушы-компания банктің қатысуымен Ұлттық банктен ҚҚС таңбаланған цифрлық теңгені сатып алады, - делінген комитет мәліметінде.
Цифрлық теңгенің таңбаланған ҚҚС бөлігі тек бюджет және жеткізушілермен есеп айырысу төлемдеріне бағытталған, одан өзге мақсаттарға немесе қолма-қол ақшаға айналдыруға мүмкіндік бермейді.
Цифрлық теңге арқылы жүргізілген барлық транзакциялар, сондай-ақ жеткізушілер бойынша ҚҚС қозғалысы мен бюджетке түскен қаражат туралы ақпарат Ұлттық банк арқылы мемлекеттік кірістер органдарына жеткізіледі.
Бұл жүйе, мемлекеттік кірістер органдарына қысқа уақытта ҚҚС қайтару үшін, сонымен қатар салықтық тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Цифрлық теңгені бизнесте пайдаланудың негізгі артықшылықтары:
-ҚҚС қайтару мерзімі 55-75 күннен 15 жұмыс күнге дейін қысқарады;
-салықтық тексеруді, әкімшілік және қаржылық жүктемені азайтады;
-жедел және кепілді қаржы айналымы, бизнестің қаржылық жоспарларын жақсартады.
Пилоттық жоба аясында, 2024 жылдың төртінші тоқсаны бойынша салықтық тексерулер мен тәуекелдер жүйесін қолданбастан қатысушыларға 5 күн ішінде ҚҚС қайтарылды.
Жоба өз тиімділігін көрсетуде, сол себепті Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық түсімдердің ашықтығын күшейту мақсатында цифрлық шешімдерді одан әрі дамыту бағытында жұмысын жалғастырады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?