Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЦифрлық үкіметті қолдау орталығында «Цифрландыру және жасанды интеллект» тақырыбында «JastarX» диалог алаңы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды. Аталмыш жиын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау аясында өтті. Жолдауда Мемлекет басшысы экономика, мемлекеттік басқару және әлеуметтік саланы жаңғырту үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытудың маңызын ерекше атап өткен болатын.
Диалогқа мемлекеттік органдардың, жетекші жоғары оқу орындарының, қоғамдық ұйымдардың және IT-индустрияның өкілдері қатысты. Талқылауда жасанды интеллектіні күнделікті процестерге енгізу, білікті кадрларды даярлау және жастардың цифрлық құзыреттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Осындай кездесулер Президент қойған міндеттердің іске асуына ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар тәжірибе, идеялар мен жобалар алмасуға арналған алаң қалыптастырады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады