Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары«Алжир» музейінде лифт құлап, екі әйел жарақат алды. Екеуі де ауруханада жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 шілдеде Целиноград аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Астана қалалық Полиция департаменті Жедел басқару орталығынан Астанадағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми-зерттеу орталығына түрлі жарақат алған екі әйел түскенін хабарлады. 1940 жылғы елорда тұрғыны мен 1969 жылғы Ақмол ауылы тұрғынының түрлі дене мүшесі сынған. Алдын ала белгілі болғандай, олар АЛЖИР музейінде жүріп, лифт құлаған кезде жарақат алған, - делінген полиция хабарламасында.
Целиноград ауданы Ақмол ауылы «АЛЖИР» музейінде лифттің құлау фактісі бойынша ҚР ҚК 306-бабы 2-бөлімі 2-тармағы «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар