23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКриптовалюта нарығы соңғы тәулікте күрт құлдырап, трейдерлер шамамен 19 миллиард доллардан айырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
11 қазанда криптонарықта жаппай сатылым басталып, миллионнан астам трейдер шығынға ұшырады. Криптобиржаларда мәжбүрлі түрде жабылған сауда позицияларының жалпы көлемі 19 млрд доллардан асып, антирекорд тіркелді.
Басты криптовалюта — Bitcoin (BTC) бағамы 112 мың доллардан төмен түсіп, ал Binance биржасында бір сәтте 102 мың долларға дейін құлаған. Бір күн бұрын ғана биткоин 122 мың доллардан жоғары саудаланып, тарихтағы ең жоғарғы деңгейін жаңартқан еді.
Ethereum (ETH) құны бір тәулікте 4 400 доллардан 3 435 долларға дейін төмендеді. Ал кейбір ірі альткоиндер, соның ішінде Toncoin (TON), өз құнының 80%-ына дейін жоғалтқан.
Сарапшылар мұндай құлдырауды нарықтағы алыпсатарлық белсенділіктің артуымен, сондай-ақ ірі инвесторлардың қысқа мерзімді пайда мақсатында активтерін жаппай сатуы себеп болғанын айтады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады