Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАҚШ президенті Дональд Трамп Конгрестен ұлттық қауіпсіздікке арналған рекордтық бюджет сұрауды жоспарлап отыр. Қаржылық жыл 1 қазаннан басталады, ал сұралған сома 1,01 триллион долларды құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Bloomberg агенттігі Ақ үйдегі дереккөздерге сілтеме жасап мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, бөлінетін қаржы "Golden Dome" (Алтын күмбез) атты зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін қамтамасыз етуге, кемежасау саласын жаңғыртуға, сондай-ақ ядролық энергетика инфрақұрылымын жаңартуға бағытталмақ. Сонымен қатар, АҚШ әскери қызметкерлерінің жалақысын 3,8%-ға арттыру да бюджеттік жоспарға енгізілген.
Аталған бастамаға дейін, 8 сәуір күні, Трамп әкімшілігі қорғаныс бюджетін жалпы сомасы шамамен 1 триллион доллар көлемінде дайындағанын мәлімдеген болатын. Айта кетейік, 2024 жылға арналған қорғаныс бюджеті – 841 миллиард доллар болған.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі