12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Еl.kz сілтеме жасап.
«Құрметті Президент мырза! Қазақстанның Тәуелсіздігінің 35 жылдығын мерекелеу қарсаңында осы айтулы оқиғаға орай Сізге ізгі тілектерімді жолдаймын. Астана мен еліміздің барлық өңірінде миллиондаған қазақстандық 1991 жылы республика Тәуелсіздігін жариялаған сәттен бері аялап сақтап, одан әрі дамытып келе жатқан бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас сұлулығын мақтанышпен атап өтетін болады. Мен елдеріміз арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті жоғары бағалаймын және Сізбен бірге менің президенттік қызметтегі екі мерзімім барысында қалыптасқан тамаша қарым-қатынастарымызды одан әрі дамытуға ниеттімін. Қазақстан халқына Сіздей мықты әрі батыл көшбасшының жол бастауы бұйырған. Осы маңызды белесті атап өтуге өз үлесімді қосу мен үшін үлкен мәртебе», - деп жазылған Дональд Трамптың құттықтауында.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы 2026 жылғы 16 желтоқсанда атап өтіледі. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін 1991 жылғы 16 желтоқсанда жариялаған. Биыл тарихи датаға 35 жыл толады.
Айта кетейік, 12 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммиті аясында АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Горомен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Президентіне АҚШ президентінің жеке жолдауы табысталды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер