Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАҚШ президенті Дональд Трамп The New York Times газетін жала жапты деп айыптап, Флоридадағы федералды сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Financial Times басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Ол талап етіп отырған өтемақы мөлшері – 15 миллиард доллар (шамамен 6,8 трлн теңге).
Трамптың заңгерлері сот құжаттарында газетті «оның беделін түсіретін жалған әрі жалаға толы ақпарат таратты» деп айыптап, сондай-ақ басылым өткен жылғы президенттік сайлау кезінде Демократиялық партияның кандидаты Камала Харриске ашық қолдау көрсеткенін мәлімдеді. Адвокаттардың сөзінше, The New York Times «Демократиялық партияның үгіт-насихат құралына» айналып, «Трампқа қарсы жаланың басты таратушысы болған».
Газет бір кездері ұстанған адалдық, әділдік пен нақтылық сияқты журналистік құндылықтардан бас тартты, – делінген арызда.
Бұл Трамптың БАҚ өкілдерін сотқа беріп отырған алғашқы жағдайы емес. 2024 жылы ABC News телеарнасы Трамптың президенттік кітапханасы мен мұражайына жала жабу ісін реттеу үшін 15 миллион доллар (шамамен 6,8 млрд теңге) төлеуге келіскен. Бұған қоса, компания оның адвокаттарының 1 миллион долларлық (шамамен 456 млн теңге) гонорарын өтеп берген.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес