6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАҚШ президенті Дональд Трамп шетелдегі Ресейдің "зиянды әрекеттеріне" байланысты төтенше жағдай режимін тағы бір жылға ұзартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы 10 сәуірде қол қойылған құжатта айтылып, ол АҚШ Федералдық реестрінің сайтында жарияланды.
АҚШ-та бұл төтенше жағдай режимі алғаш рет 2021 жылғы 15 сәуірде жарияланған болатын. Бұл қадам АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне төнген қауіпке байланысты қабылданып, №14024 жарлықпен бекітілген еді. Оған Трамптың алдында президент болған Джо Байден қол қойған. Кейіннен бұл режим басқа жарлықтармен кеңейтіліп, бірнеше рет ұзартылды.
АҚШ Қаржы министрлігінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 14024-жарлық Ресейдің зиянды сыртқы әрекеттеріне қатысы бар жеке және заңды тұлғаларға санкциялар енгізуге мүмкіндік беретін төтенше жағдай режимін белгілейді.
Пресс-релизде бұл режимнің Украинадағы дағдарысқа қатысы жоқ екені де атап көрсетілген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі