28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин жаңа кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Кездесу Венгрия астанасы Будапештте өтпек, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Трамптың айтуынша, оның басты мақсаты – «Ресей мен Украина арасындағы бұл мағынасыз соғысты тоқтатудың жолдарын табу».
Бұл туралы АҚШ басшысы өзінің Truth Social парақшасында мәлімдеді.
Кездесуге дейін екі тараптың кеңесшілері де келіссөздер өткізеді. Америкалық делегацияны АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио басқарады. Кеңесшілердің кездесу орны әлі нақтыланбаған.
Ертең мен Украина президенті Владимир Зеленскиймен Ақ үйде кездесемін. Онда Путинмен жүргізілген телефон әңгімесін және басқа да маңызды мәселелерді талқылаймыз. Бүгінгі сөйлесудің өзі елеулі прогреске жол ашты деп есептеймін, — деп жазды Трамп.
Сондай-ақ, АҚШ президентінің айтуынша, Путин оны Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыстың тоқтауымен құттықтаған.
Бұл бейбітшілік үшін ғасырлар бойы армандаған сәт, — деген Путиннің сөзін келтірді Трамп.
Трамп өз кезегінде Таяу Шығыста бейбітшілік орнауы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты шешуге де оң ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті.
Айта кетейік, екі лидердің соңғы кездесуі 15 тамызда Аляска штатының Анкоридж қаласында өткен болатын.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?