Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАҚШ президенті Дональд Трамп Парсы шығанағын Араб шығанағы деп ауыстырудан бас тартты. Бұл туралы CNN-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп бұл ойынан Иранның ұстанымына байланысты бас тартып отыр.
Бұған дейін Иран билігі, егер АҚШ осындай қадамға барса, онда міндетті түрде жауап беретінін мәлімдеген.
Сауд Арабиясына сапары барысында Трамп Парсы шығанағында «апат болып жатқанын» айтқан.
Араб елдері Иранның оңтүстігіндегі бұл су айдынын Араб шығанағы деп атауды көптен бері талап етіп келеді.
Бұған дейін АҚШ билігі Мексика шығанағын Америка шығанағы, ал Денали тауын бұрынғы атына сәйкес Мак-Кинли деп өзгерткенін хабарлаған. Бұл Трамп билікке келгеннен кейінгі алғашқы шешімдерінің бірі болған еді (қаңтар айында).
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік