28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарДональд Трамп Колорадо штатының капитолийіндегі АҚШ президенттері галереясында ілінген, суретші Сара Бордманның қылқаламынан шыққан өзінің портретін сынға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ешкім өзін нашар шыққан фотосуреттерді немесе картиналарды ұнатпайды, бірақ Колорадо губернаторы капитолийде барлық басқа президенттермен бірге қойған менің портретім әдейі бұрмаланған, мен бұған дейін мұндайды көрмеген де шығармын, – деп жазды республикашыл саясаткер TruthSocial әлеуметтік желісінде.
Трамптың айтуынша, сол суретшінің Барак Обаманың портреті "керемет көрінеді", ал өзі бейнеленген туынды "барлығынан да нашар". Ол суретшінің "жас ұлғайған сайын талантынан айырылған болуы мүмкін" деп санайды. Сондай-ақ Трамп "Колорадо тұрғындары портретке шағымданып, оған хабарласып, хат жазғанын" айтты.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Колорадо губернаторы, демократ Джаред Полисті "солшыл радикал" деп атап, оны қылмыспен күресе алмады деп айыптады және портретті алып тастауды талап етті.
Джаред ұялсын! – деп түйіндеді Трамп.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?