Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отыр. Оның айтуынша, бұл әңгімелесу 19 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 10:00-де өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Телефон арқылы сөйлесудің негізгі тақырыптары – аптасына орта есеппен 5 мың ресейлік және украиналық сарбаздың өмірін жалмайтын «қанды қырғынды» тоқтату және сауда мәселелері, – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Сондай-ақ АҚШ президенті Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесетінін хабарлады. Осы қоңыраудан кейін НАТО мүшелерімен де байланыс орнатылмақ Оның сөзінше, дүйсенбі күні қақтығыс аяқталуы мүмкін.
Айта кетейік, 16 мамыр күні Ыстамбұлда соңғы үш жылда алғаш рет Мәскеу мен Киев делегацияларының екіжақты кездесуі өтті. Келіссөздер нәтижесінде тараптар «1000-ға 1000» формуласы бойынша тұтқындар алмасуға уағдаласты. Сонымен қатар Ресей мен Украина атысты тоқтату бойынша өз ұстанымдарын егжей-тегжейлі ұсынуға және келіссөздерді жалғастыруға уәде берді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді