Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАҚШ-та президент Дональд Трамптың билікке келуінен кейін 121 мыңнан астам федералды мемлекеттік қызметкер жұмысынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәліметке сүйенсек, жаппай қысқарту шамамен 30 ведомствоны қамтыды. Ең көп зардап шеккен ұйым – АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID). Кадрларды бірнеше толқында қысқартқаннан кейін, агенттіктің қызметі толық тоқтатылды.
Білім министрлігі де айтарлықтай өзгерістерге ұшырады: қызметкерлерінің 51%-ын жұмыстан босатып, 12 аймақтық бөлімшесінің 7-еуін жапты. Сонымен қатар, Тұрғын үй және қалалық даму министрлігі, сондай-ақ Ұлттық денсаулық сақтау институттары да үлкен қысқартуларға ұшырады. Соңғылары Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігінің құрамына кіреді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл қысқартулардың салдары АҚШ азаматтарына айқын сезіле бастады. Олар білім беру, денсаулық сақтау және қоғамдық қауіпсіздік сияқты негізгі салаларда мемлекеттік қызметтердің сапасына күмән келтіреді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі