6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерДональд Трамп Ақ үйдегі алғашқы жұмыс күнінде 47 минут ішінде ондаған жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құжаттарға қол қою барысында АҚШ президенті журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Журналистер Трамптан Украинадағы жағдай, АҚШ-тағы TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау мәселесі, сондай-ақ Гренландия мен Венесуэлаға қатысты жоспарлары жөнінде сұрақтар қойды. Сонымен қатар, оған Ресей президенті Владимир Путинмен қашан сөйлесетіні және биыл Қытайға сапар жоспарлап отырғаны туралы сауалдар қойылды.
20 қаңтарда Трамп қызметіне кіріскеннен кейін сол күні 100-ге жуық жарлыққа қол қоятынын мәлімдеген болатын.
Конгрестегі салтанатты рәсімнен кейін ол өзінің әкімшілігіне қатысты алғашқы жарлықтар мен бұйрықтарға қол қойды. Түстен кейін америкалық көшбасшы Capital One спорт аренасында өз жақтастарының алдында митинг өткізіп, бірнеше маңызды құжаттарға қол қойды.
CBS арнасының мәліметінше, Трамп жалпы саны 200-ге жуық жарлыққа, меморандумға және жарияланымға қол қойған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі