28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарДональд Трамптың ABC News телекомпаниясына шағымдануына тележүргізуші Джордж Стефанопулостың жалған мәлімдемелері себеп болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл 10 наурызда болған сұхбат барысында жүргізуші бірнеше рет Трамп «зорлау үшін жауапты деп танылды» деп мәлімдеген.
Трампты зорлады деп айыптаған Elle журналының колумнисті Элизабет Джин Кэрролл болған. Оның айтуынша, бұл оқиға 1996 жылы Нью-Йорктегі әмбебап дүкеннің киім ауыстыру бөлмесінде болған.
Азаматтық талап бойынша істі сот алқасы қарады. Сот Трампты сексуалдық қысым көрсету және жала жабу үшін жауапты деп тапты, бірақ сексуалдық зорлық жасады деген айыпты растамады.
Шағымды реттеу аясында ABC News Трампқа 15 миллион доллар көлемінде төлем жасайтынын, қаражат «АҚШ президенттері құрған дәстүрлі қор немесе музей үшін, Трамптың бастамасымен немесе оған арналып» аударылатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар, ABC News өзінің жүргізушісінің сөздеріне байланысты өкініш білдіретін мәлімдеме жариялауға және сот шығындары үшін 1 миллион доллар төлеуге міндеттелді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?