23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?АҚШ президенті Доналдь Трамп әкімшілігі Газа секторынан бір миллионға жуық палестиналықты Ливияға көшіру жоспарын дайындап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
NBC News деректеріне сүйенсек, бұл жоспар өте байыппен қарастырылып отыр және әкімшілік оны Ливия басшылығымен талқылаған.
Басылымның дереккөздері хабарлағандай, палестиналықтарды көшірудің өтемі ретінде АҚШ он жылдан астам уақыт бұрын «мұздатып қойған» Ливияның миллиардтаған доллар қаржысын қайтаруы мүмкін. Алайда түпкілікті келісімге әлі қол жеткізілген жоқ. Израиль тарапы бұл келіссөздердің барысынан хабардар.
Дегенмен Мемлекеттік департамент пен Ұлттық қауіпсіздік кеңесі осы жайтқа қатысты журналистердің сұрақтарына жауап бермеген. NBC News басылымы атап өткендей, мақала жарық көргеннен кейін баспасөз хатшысы бұл ақпарат «шындыққа жанаспайды» деп мәлімдеген.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік