28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі оның билікке қайта келуінің алғашқы жылы ішінде елден шамамен 1 миллион заңсыз мигрантты депортациялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі The Washington Post газетіне сілтеме жасап.
Егер бұл жоспар жүзеге асса, бұл АҚШ тарихындағы ең ауқымды депортация болмақ. Бұған дейінгі рекорд – бір жыл ішінде 400 мыңнан астам адамды елден шығару – 44-президент Барак Обама кезінде тіркелген. Ол 2009-2017 жылдар аралығында президент болған.
Алайда сарапшылар Трамптың мақсатын шынайы емес деп бағалап отыр. Олардың айтуынша, бұл жоспарды іске асыруға қаржы жетіспеушілігі, кадр тапшылығы, сондай-ақ көптеген мигранттардың сотқа жүгініп, елден шығаруға қарсы арыз бере алатыны кедергі келтіреді. Ал мұндай істер бойынша сот процестері жылдар бойы созылуы мүмкін, деп жазады басылым.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?