Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Жапонияның Toyota компаниясы 2027 жылғы жаңартылған Crown Crossover моделінің алғашқы ресми суреттерін ұсынды.
Кросс-седанның толық тұсаукесері биыл қыркүйек айының ортасында өтеді. Дегенмен өндіруші көліктің сыртқы келбеті мен техникалық сипаттамасындағы негізгі өзгерістерді қазірдің өзінде жариялап отыр.
Жаңарту барысында дизайнерлер бұрын сынға ұшыраған шешімдерді қайта қараған. Төрт жыл бұрын таныстырылған модельдің артқы бөлігіне қатысты пікірлер көп болған еді. Сарапшылар қара жылтыр элементтердің шамадан тыс қолданылуы көліктің сыртқы келбетін үйлесімсіз етіп тұрғанын айтқан.
Рестайлингтен кейін Toyota бұл концепциядан бас тартты. Енді көліктің төбесі, алдыңғы тіректері, капоты мен айналары қара түске боялады. Ал артқы бөлігі кузовтың негізгі түсімен әрленеді. Бұған қоса, бұрынғы күңгірт пластик қорғаныштардың орнына Piano Black стиліндегі жылтыр әрлеу қолданылған.
Салонында түбегейлі өзгерістер жоқ. Дегенмен негізгі жабдықтар тізімі айтарлықтай кеңейтілді. Барлық нұсқалар енді стандартты түрде қысқы жабдықтар пакетімен және рөл астындағы беріліс ауыстыру қалақшаларымен жабдықталады.
Ал Z және RS кешендерінде смартфон арқылы көлікті ашуға мүмкіндік беретін цифрлық кілт жүйесі базалық жабдыққа енгізілген. Есесіне, цифрлық артқы көрініс айнасы мен уақытша қосалқы доңғалақ қолжетімді опциялар қатарынан алынып тасталды.
Техникалық жағынан бастапқы нұсқалар бесінші буындағы гибридті жүйеге көшті. Күштік қондырғы бұрынғыдай 2,5 литрлік атмосфералық бензин қозғалтқышына негізделгенімен, енді ол қуаты арттырылған электрмоторымен жұмыс істейді. Электр қозғалтқышының қуаты 16 ат күшіне көбейіп, жүйенің жалпы қуаты 236 ат күшіне жеткен. Бұл алдыңғы модельден 5 ат күшіне артық. Сондай-ақ көлік енді электр қуатымен бұрынғыдан ұзағырақ қозғала алады.
Ал Crown Crossover RS нұсқасының техникалық бөлігі өзгеріссіз қалды. Ол бұрынғыдай 2,4 литрлік турбоқозғалтқыш пен екі электрмотордан тұратын Dual Boost гибридтік жүйесімен жабдықталған. Жалпы қуаты – 344 ат күші.
Toyota жаңартылған модельдің Жапониядағы бағасын қыркүйекте жариялайды. Қазіргі Crown Crossover желісінің бағасы шамамен 31,8 мыңнан 41,3 мың АҚШ долларына дейінгі аралықта. Кейін дәл осындай сыртқы және техникалық жаңартулар Crown отбасының басқа модельдері – Sport кроссовері мен классикалық седанына да енгізіледі.
Айта кетейік, Toyota Crown – жапон брендінің ең көне әрі беделді модельдерінің бірі. Ол 1955 жылдан бері үздіксіз шығарылып келеді.
Ал 2022 жылы Crown отбасы түбегейлі жаңарып, бір модельден тұтас төрт түрлі кузовтан тұратын желіге айналды. Crown Crossover жаңа буынның алғашқы моделі ретінде АҚШ бастаған әлемдік нарықтарға қайта оралу стратегиясының бастамасы болды.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд