Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерToyota Motor Corp. компаниясы 2026 жылдың ортасында Land Cruiser жол талғамайтын көлігінің жаңа FJ моделін Жапония нарығына шығаратынын хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Жаңа үлгідегі Land Cruiser 250 базалық сериясының жеңілдетілген нұсқасы ретінде әзірленген және қазіргі Land Cruiser желісіндегі ең ықшам көлік болмақ. Toyota бұл модельдің бағасын барынша қолжетімді деңгейде ұстауды жоспарлап отыр.
Бес адамға арналған, толық жетекті бензинді көліктің корпусы дөңгеленген бұрыштарымен ерекшеленіп, пішінімен шағын текше тәрізді. Габариттері кішірек болғанымен, көлік Land Cruiser-ге тән тұрақтылық пен жолдағы басқарылу қасиеттерін толық сақтап қалған.
Кейінірек бұл жаңа модель Азияның өзге аймақтарына, сондай-ақ Африка, Таяу Шығыс және Латын Америкасы елдеріне де шығарылады.
Айта кетсек, Toyota компаниясы 1951 жылдан бері Land Cruiser сериясының шамамен 12,15 миллион данасын әлемнің 190-ға жуық елінде сатқан.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі