13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз2026 жылы әлемдік автобрендтерде ауқымды кадрлық өзгерістер болды. Компаниялар нарықтағы құлдырауға қарамастан бизнесті сақтап қалудың амалын жасап жатыр. Алайда әзірге жаңа топ-менеджерлер жағдайды айтарлықтай өзгерте алған жоқ.
Autonews-тің хабарлауынша, 2026 жылдың басынан бері әлемдегі ірі автоконцерндер бірінен соң бірі басшылық құрамын жаңартып жатыр. Кадрлық ауыс-түйістер автокөлік сатылымының төмендеуі, Қытайдағы бәсекелестіктің күшеюі мен шығындардың өсуіне байланысты түрленді. Жаңа топ-менеджерлердің алдында тұрған негізгі міндет – қаржылық көрсеткіштерді жақсартып, бизнесті күрделі нарық жағдайына бейімдеу.
Кезекті мысал – Volvo. 20 қыркүйекте компания бұған дейін Skoda компаниясын басқарған Клаус Целлмердің жаңа президент әрі бас атқарушы директор болатынын жариялады. Бұл өзгерісге Volvo-ның бұған дейін мәлімдеген рентабельділік көрсеткіштеріне қол жеткізе алмауы әсер етті.
BMW шығындарды қысқартуға кірісті
2026 жылдың мамыр айында Оливер Ципсе 2019 жылдан бері атқарып келген BMW-ның бас атқарушы директоры қызметінен кетті. Оның орнына бұған дейін концерннің өндірістік бөлімшесін басқарған Милан Неделкович тағайындалды. Оның жаңа келісімшарты 2031 жылға дейін жарамды.
BMW өкілдері Неделковичтің «стратегиялық көзқарасы мен кәсіпкерлік ойлау қабілетінің» жоғары екенін атап өтті. Алайда 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында автоконцерннің түсімі 8%-ға төмендеп, €62,3 млрд болды. Ал салыққа дейінгі пайда 29,4%-ға азайып, €4,05 млрд-қа түсті. Алты ай ішінде BMW сатылымы 4,2%-ға төмендеп, 1,16 млн көлікке дейін қысқарды. Әсіресе, Қытай нарығындағы құлдырау айқын байқалды – мұнда сатылым 20,4%-ға азайған.
Көрсеткіштердің нашарлауына байланысты Неделкович шығындарды қысқартуға кірісті. Оның оңтайландыру жоспарына сәйкес, 2027 жылдың соңына дейін компания штатындағы қызметкерлер саны шамамен 8 мың адамға қысқаруы мүмкін.
Неделковичтің айтуынша, қазір автомобиль өнеркәсібі «тез күшейіп келе жатқан сын-қатерлерге» тап болып отыр. Олардың қатарында бәсекелестіктің күшеюі, қатаң талаптар мен геосаяси қақтығыстардың салдары бар.
Toyota тиімсіз модельдерден бас тартуы мүмкін
1 сәуірден бастап Toyota компаниясының бас директоры қызметіне бұған дейін компанияның қаржы директоры болған Кента Кон тағайындалды. Оның алдындағы басшы Кодзи Сато вице-төраға және салалық даму жөніндегі бас директор қызметіне ауысты. Toyota мұндай шешімді «басқарушылық шешімдерді қабылдау үдерісін жеделдету» қажетімен түсіндірді.
Маусым айында Кон брендтің модельдік қатарын қайта қарау қажетін мәлімдеді. Оның айтуынша, компания автокөліктерді әзірлеу тәсілдерін қайта қарап, тиімсіз үдерістерден бас тартуы керек. Сондай-ақ кейбір модельдердің өндірісін тоқтату мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.
Бұл мәлімдеме Toyota сатылымының төмендеуі жалғасып жатқан тұста жасалды. Қазір Toyota мен Lexus көліктерінің сатылымы қатарынан алты ай бойы төмендеп жатыр. Шілде айында көрсеткіш 4,8%-ға түсіп, 856 125 көлікке жетті. Ал өндіріс көлемі 2,1%-ға азайды. Қытайдағы сатылым 24,3%-ға төмендеді.
Porsche сатылымның құлдырауын тоқтатуға тырысып жатыр
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Porsche компаниясын Михаэль Ляйтерс басқарды. Ол жаңа қызметіне кіріскен бойда бизнесті ауқымды қайта құрылымдау қажеттілігіне тап болды. Porsche-ның 2025 жылғы қаржылық нәтижелері «көңіл көншітпейтін» деңгейде болды. Компанияның операциялық пайдасы €5,64 млрд-тан €413 млн-ға дейін құлдырады.
Наурыз айында Porsche шығындарды қысқарту, өнім стратегиясын өзгерту мен оңтайландыру жоспарын жариялады. Атап айтқанда, компания Bugatti Rimac және Rimac Group компаниясындағы үлестерін €1 млрд-қа сатты. Porsche алғашқы компанияның 45%-ына, ал екіншісінің 20,6%-ына иелік еткен.
Соған қарамастан, 2026 жылдың алғашқы жартысында Porsche сатылымы 16%-ға төмендеп, 122 306 көлікке дейін азайды. Бұл – 2020 жылдан бергі ең төмен көрсеткіш. Қытай нарығындағы құлдырау айқын болды – сатылым 32%-ға азайған.
Stellantis Maserati мен Jeep-ті құтқаруға үмітті
Кадрлық өзгерістер Stellantis концернінің жекелеген брендтеріне де жетті. 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Maserati компаниясының бас атқарушы директоры қызметіне Санто Фичили тағайындалды. Бұған дейін брендті басқарған Жан-Филипп Импарато компаниядағы 36 жылдық қызметінен кейін жұмыстан кетті.
Maserati-дегі бұл кадрлық ауыс-түйіске сатылымның төмендеуі мен шығынның көптігі әсер етті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бренд 7,9 мың автокөлік сатты. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 11,3 мың болған. Түсім 30%-ға азайып, €726 млн-ды құрады. Ал операциялық шығын €198 млн болды. Бұған АҚШ-тың жоғары тарифтері мен Қытайдағы сұраныстың төмендеуі себептердің бірі ретінде аталды.
Қыркүйек айында Maserati басшылығы Қытайдың Huawei және JAC Group компанияларымен келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды. Тараптар ықтимал серіктестік мәселесін талқылап жатыр.
Шілде айында Stellantis Ram және Jeep брендтеріне де жаңа басшылар тағайындады. Ram-ды Мэтт Вандайк, ал Jeep-ті Бранден Коте басқарды. Олардың алдында әртүрлі міндет тұр. Атап айтқанда, Ram модельдік қатарын кеңейтуге дайындалып жатса, Jeep-тің міндеті – сатылымның төмендеуін тоқтатып, нарықтағы позициясын нығайту.
Mercedes-AMG 2026 жылға арналған болжамын өзгертті
2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Mercedes-AMG компаниясының жаңа бас директоры Штефан Векбах болды. Ол бұған дейін Porsche Taycan моделін әзірлеуге жауапты болған. Сонымен қатар Векбах Mercedes-тің ең қымбат модельдерін біріктіретін Top End Vehicle тобына да жетекшілік етті.
Әзірге автоконцерн күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Шілде айында компания 2026 жылға арналған болжамын төмендетті. Mercedes-Benz жеңіл автокөліктерінің сатылымы өткен жылғы деңгейден сәл төмен болады деп күтеді.
2026 жылдың екінші тоқсанында Mercedes-Benz 417 765 көлік сатты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға аз. Қытайдағы сатылым 30%-ға құлдырады. Компания осы нәтижеге нарықтағы жоғары бәсекелестік пен сұраныстың төмендеуін алға тартады.
Mercedes-тің Top End санатына кіретін премиум модельдеріне деген сұраныс та төмендеп отыр.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды