Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодарда той өткізу үшін несие алып, оны қайтара алмаған әйел сот арқылы банкрот деп танылды. Ол 2019 жылы әртүрлі банктерден 6,3 млн теңгеден астам қарыз рәсімдеген.
Істі Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы қарады. Әйел бастапқыда несиені уақытылы төлеп келгенімен, кейін қаржылық жағдайы нашарлап, қарызын өтей алмай қалған.
Сот материалдарына сәйкес, талапкердің жалпы берешегі 6 344 644 теңгені құраған. Оның тұрақты табыс көзі жоқ, әрі асырауында екі кәмелетке толмаған бала бар.
«Берешек көлемі заңда белгіленген шектен (1600 АЕК) асады. Міндеттемелер бірнеше кредитор алдында бар және оларды орындау 12 айдан астам уақыт бойы тоқтатылған», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Алғашқы сот инстанциясы әйелдің өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан. Алайда ол бұл шешімді қайта қарап, апелляцияға жүгінген.
Апелляциялық сот істі қайта зерделеп, қаржылық басқарушының қорытындысын негізсіз деп таныды.
«Қарыз мөлшері қате есептелген. Борышкердің жосықсыз әрекет жасағаны дәлелденбеді, ал қаржылық жағдайының нашарлауы объективті себептерге байланысты», – делінген хабарламада.
Сот сондай-ақ жұмыссыздық банкроттық рәсімін қолданудан бас тартуға себеп болмайтынын атап өтті.
«Тұрақты табыстың болмауы – банкроттықтан бас тартуға себеп емес, өйткені мұндай талап заңда қарастырылмаған», – деп түсіндірді сот.
Нәтижесінде сот алқасы бірінші инстанция шешімінің күшін жойып, әйелді банкрот деп тану туралы жаңа шешім шығарды. Сот актісі заңды күшіне енді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді